16:23, 23 Қараша 2011 | GMT +5
БҚО-да «Дипломмен - ауылға» жобасына сәйкес ауылға барушы жас мамандар қатары жыл санап көбейіп келеді
АЛ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы бастамасымен қолға алынған «Дипломмен - ауылға» жобасына сәйкес ауылға барушы жас мамандар қатары жыл санап көбейіп келеді.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Райса Еркеғалиеваның хабарлағанындай, 2009 жылы ауыл-аймаққа 509 жас маман аттанса, 2010 жылы олардың қатары 529-ға жетті. Биыл 1 қарашаға дейінгі есеп бойынша 387 жас ауылдық елді мекендерге жолдама алды. Жалпы, биыл өңірге 686 маманға 94,6 млн. теңге көтермеақы бөлінген. Сондай-ақ олардың пәтер алуы үшін 428 млн. теңге несие қарастырылған.
Аталмыш жоба алдағы жылы да жалғасады. 2012 жылы тек әлеуметтік сала мамандарына ғана емес, сондай-ақ ветеринарларға да осындай жеңілдіктер беру ойластырылуда. Шын мәнісінде бұл ең алдымен мал тұқымын асылдандыру, түрлі індеттердің алдын алу үшін аса қажет.