БҚО-да Елбасы Жолдауына байланысты бұқаралық спортты дамыту бағытында нақты шаралар жоспарланып отыр

ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауына байланысты бұқаралық спортты дамыту бағытында нақты шаралар жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында Жолдауды талқылауға арналған жиында айтылды.

БҚО-да Елбасы Жолдауына байланысты бұқаралық спортты дамыту бағытында нақты шаралар жоспарланып отыр

Басқосуда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Шынболат Теміржанов Жолдаудағы негізгі басым бағыттарға тоқталып, аталмыш басқарма тарапынан салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған ақпараттандыру жұмыстары мен билбордтар орнатуға қолдау көр­сетілетінін жеткізді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекеттің айтуынша, қала мен ауылдық жерлерде тұрғындардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалмақ. Сонымен қатар ел намысын халықаралық, әлемдік додаларда қорғайтын спортшыларды даярлауға ұдайы көңіл бөлінеді. Бұл ретте алдымен Сочи олимпиадасына қатысатын алты бірдей шорт-трек шеберіне ерекше үміт артылып отыр. Сондай-ақ биыл батысқазақстандықтар әлем, Азия чемпионаттарында еліміздің көк байрағын желбірету үшін барын салатын болады.