БҚО-да «ГАЗель» автокөлігі өртеніп кетті

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 5 мамыр күні сағат 02.40-та Тасқала ауданы Тасқала ауылында болды.
М.Мәметова көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің жанында тұрған «ГАЗель-33021» автокөлігі жанды.
«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (3 адам, 1 техника) сағат 03.22-де ауыздықталды.
Биыл жыл басынан бері өңірде 27 автокөлік өртенді.
«Осыған орай жүргізушілерге айтарымыз, автокөлік капотынан бензиннің немесе күйген резеңкенің исін сезіп, түтіндегенін көрсеңіз, мұқият қараңыз. Егер жанып жатса, өрт сөндіру бөліміне хабарлап, әр көлікте болуы тиіс өрт сөндіргіш құралымен оттың бетін қайтаруға тырысыңыз. Өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, аулақ кетіңіз. Бензин багы жарылуы мүмкін. Жанып жатқан автокөлікке отырып, тұтатуға мүлдем болмайды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Төрегелдиев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласы маңында орман өртенгенін жазған болатынбыз.