Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да инфляция деңгейі 100,6 пайызды құрады

ОРАЛ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ақпанда инфляция деңгейі өткен жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 100,6 пайызды құрады.

БҚО-да инфляция деңгейі 100,6 пайызды құрады

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-ақпанында азық-түлік тауарларының бағасы 0,9 пайызға өсті. Еттің бағасы 3,1 пайызға, соның ішінде жылқы еті - 0,7а,  шошқа еті - 0,2, қой еті - 2, сиыр еті  6,4 пайызға қымбаттады.

2012 жылдың қаңтар-ақпанында көкөніс бағасы 2,2, соның ішінде қызылша - 2,5, сабақты пияз  7,1 пайызға төмендеді. Картоп 7,2 пайызға арзандады. Осы кезеңде жарма бағасы - 0,4, ұн - 0,9, май және тоңмай 2,2 пайызға түсті.