БҚО-да қарамағындағылар сыбайлас жемқорлыққа барған 13 шенеунік жауапқа тартылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық деректеріне мониторинг жүргізу нәтижесінде 7 адамға қатысты сот үкімі шығарылды.

БҚО сыбайлас жемқорлық
Фото: Kazinform

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсаловтың мәлім еткеніндей, 13 лауазымды қызметкердің бесеуі әкімшілік мемлекеттік қызметші болса, екеуі құқық қорғау органдарында жұмыс істеген.

Оның сөзіне қарағанда, аталған деректерге қатысты қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 13 лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұлардың үшеуі — әкімшілік мемлекеттік қызметші, 10-ы — құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

— Бұқаралық ақпарат құралдарында биыл мемлекеттік қызметшілерге қатысты 14 жағымсыз материал жарияланса, соның үшеуі бойынша деректер расталды. Соған сәйкес үш қызметшінің екеуіне сөгіс, біреуіне қатаң сөгіс берілді. Сонымен қатар тәртіптік комиссиялардың жұмысын мониторингілеу барысында 7 мемлекеттік қызметшінің заңсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Оларға қатысты қолданылған тәртіптік жазалардың күші жойылды, — деді М.Байсалов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да сот ұйғарымын орындамаған ауыл әкіміне шара қолданылғанын жазған едік.

Сондай-ақ БҚО-да 42 лауазымды қызметкерге 3,3 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар