БҚО-да кәсіпорындардың мерзімі өткен қарызы 5896,6 млн. теңгені құрады
ОРАЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 қыркүйекке ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен қарызы 5896,6 млн. теңгені құрады, еңбекақы жөніндегі берешектер жоқ.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, шағын және орта бизнес нысандарының өнім көлемі биылғы сегіз айда 0,9 пайызға өсіп, 404926 млн. теңгеге жеткен. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындар саны 1,6 пайызға азайып, 87978 адамды құрап отыр.