БҚО-да кезбелерді пайдаланып, фирмаларды 4 млн. теңгеге «отырғызып» кеткен алаяқтар сотталды

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотында ірі мөлшерде алаяқтық жасаған облыстың екі тұрғыны Макеев пен Борисовқа қатысты қылмыстық іс аяқталды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2011 жылдың желтоқсан айында Макеев пен Борисов құжаттарын реттеп, жұмысқа орналастырамыз деген желеумен тұрақты мекен-жайы жоқ, екі кезбе адамды жалдамалы пәтерге әкеліп, қамап кеткен. Кейін қос кезбенің атына «Батыс Орал» жеке кәсіпкерлігін рәсімдеп, 2012 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін олардың аттарына әртүрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден сатуға тауарлар алған. Сатылған тауарлардың ақшасымен есептесер кез келгенде алаяқтар ізім-ғайым жоғалған. Сөйтіп, алданған фирмаларға жалпы сомасы 4 миллион теңгеге зиян келген.

Алаяқтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағымен айыпты деп танылып, сот үкімімен 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қылмыстық Кодекстің 63-бабымен олардың жазалары шартты деп есептеліп, 3 жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Соңғы жаңалықтар