БҚО-да қос жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қос жеңіл автокөлік соқтығысып, алты адам жарақат алып, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше сағат 14.00 шамасында «Орал-Атырау» жолының 244-шақырымында Ақжайық ауданы Атамекен ауылы тұсында орын алды.

"Ниссан" және "Шкода" автокөліктері соқтығысып, алты адам жарақат алды.

Олардың бәрі де ер адамдар. Ақжайық аудандық орталық ауруханасына, біреуі кейін Оралдағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Екіншісіне санавиациямен дәрігерлер келді, алайда ол ота үстінде қайтыс болып кетті. Қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Еске сала кетейік, кеше Батыс Қазақстанда боран болып, сексенге жуық көліктің қар құрсауынан шығарылғанын жазған болатынбыз. Кеше сондай-ақ осы Ақжайық ауданы аумағында "Фольксваген Шаран" мен "Скания" жүк көлігі түйісіп, 1993 және 1987 жылғы екі ер адам жеңіл жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар