БҚО-да мәдениет саласының нақтыланған бюджеті - 3328,2 млн. теңге

ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 қазанға мәдениет саласының нақтыланған бюджеті 3328,2 млн. теңгені құрады.

БҚО-да мәдениет саласының нақтыланған бюджеті - 3328,2 млн. теңге

Облыс әкімдігінен алынған мәліметке қарағанда, жергілікті бюджет есебінен мәдениет нысандарын күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық базасын нығайтуға 62,4 млн. теңге қарастырылған.

Өңірде 2 театр, 268 мәдениет үйі мен клуб, 407 кітапхана, 7 кинотеатр, 17 мұражай, Орал көрме залы, мәдениет және демалыс саябақтары жұмыс жасайды. Сондай-ақ Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі, облыстық халық шығармашылығы орталығы, тарих және археология орталығы, жастар шығармашылығы орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі инспекция бар.

Облыстың таңдаулы өнер ұжымдары мен әртістері бұл күндері Астанада өтіп жатқан БҚО күндерінде өз өнерлерін көрсетуде.