БҚО-да мал ұрлығының бірнеше дерегі ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – БҚО Шыңғырлау ауданында мал ұрлығының бірнеше дерегі ашылды. 

БҚО-да мал ұрлығының бірнеше дерегі ашылды
Фото: ІІМ

Шыңғырлау ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығының бірнеше дерегін ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі адамның мал ұрлығының тоғыз дерегіне қатысы бар екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер бірнеше ай ішінде бес ірі қара мен алты жылқыны ұрлаған. 

Олардың арасында еркін жайылымда жүрген мал да бар. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 5 млн 460 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды.

Соттың санкциясымен екі азаматқа да «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың мал ұрлығының басқа да деректеріне қатыстылығын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда.

Сонымен қатар ұрланған малды іздестіру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.