Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да мемлекеттік бюджетке 123,3 млрд. теңге аударылды

ОРАЛ. 11 шілде. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 1 шілдеге дейін мемлекетке 123,3 млрд. теңге (болжам - 121,0 млрд. теңге) жиналып, 101,9 пайызға орындалды.

БҚО-да мемлекеттік бюджетке 123,3 млрд. теңге аударылды

БҚО бойынша салық департаментінен түскен мәліметке қарағанда, республикалық бюджетке 98,7 млрд. теңгенің орнына 104,6 млрд. теңге аударылып, болжам 106,0 пайызға орындалған.

Жергілікті қазынаға 22,3 млрд. теңгенің орнына 18,7 млрд. теңге түскен, бұл - болжамның 83,9 пайызы.