БҚО-да «Мен және менің полицейім» атты шара өткізілетін болады

ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 7-8 желтоқсанда мектепке дейінгі бүлдіршіндер және кіші мектеп жасындағылар арасында «Мен және менің полицейім» атты республикалық шара өткізілетін болады.
None
None

БҚО ІІД жол полициясы басқармасынан хабарлағанындай, шара мақсаты - балалар мен ересектерді жол полициясы қызметімен, қоғамдық орын мен жолдардағы негізгі ережелермен таныстыру. Осы орайда балаларға қызмет автокөліктері көрсетіліп, жол полициясының басты міндеттері жөнінде айтылады. Балалардың жол оқиғаларына ұрынбауы үшін әңгіме-лекциялар ұйымдастырылады.

Облыста балаларға жол ережесін түсіндіру бағытында биылғы он бір айда мектептерде 1451, балабақшаларда 439 дәріс өткізілді. Сондай-ақ 147 түрлі байқау-викториналар ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар