Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауына байланысты іс сотта қаралып жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында бұдан 3,5 жыл жарым болған МИ-8 тікұшағының апатына байланысты қылмыстық іс Бәйтерек аудандық № 2 сотында қаралып жатыр.

п
Фото: ҚР ТЖМ

Апат Батыс Қазақстан облысы аумағында 2023 жылы 23 ақпан күні болды. 

Тіұшақ «ҚазТрансОйл» АҚ өтініші бойынша Атыраудан ұшып шығып, Оралға бағыт алған. Бортта алты адам — экипаждың бес мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір өкілі болған.

Қайғылы оқиға салдарынан экипаждың төрт мүшесі қаза тауып, екі адам жарақат алды.

— Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сәйкес іс сотта қаралып жатыр, — деп мәлімдеді Бәйтерек аудандық № 2 соты.

Куәгерлер шақыртылып, жауап алынып жатыр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағы туралы не білетініміз жөнінде жазған едік.