БҚО-да моншадағы өрттен кейін көрші ел азаматының мүрдесі табылды

ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні түнгі сағат бір кезінде Тасқала ауданы орталығындағы Сапаров көшесі №29 үйдің ауласындағы монша өртеніп, төбесі опырылып түскен.

БҚО-да моншадағы өрттен кейін көрші ел азаматының мүрдесі табылды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үйіндінің астынан күйікке шалынып өлген адам мүрдесі табылды. Тексеру барысында оның 55 жастағы М. есімді көрші елдің азаматы екендігі анықталды.

Қазір қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталуда.