БҚО-да мораторийге қарамастан 61,4 млн теңгеге көлік сатып алуға әрекет жасалған

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысы Каратөбе ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының 61 млн теңгеден астам сомасының негізсіз жұмсалуының алдын алды. 

призерам олимпиады подарили машины в Алматы
Фото: пресс-служба акимата Алматы

Ағымдағы жылдың шілде айында аудан әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысымен енгізілген мораторийге қарамастан мемлекеттік сатып алулар веб-порталына 8 бірлік қызметтік автокөлікті жалпы сомасы 61,4 млн теңгеге сатып алуға хабарландырулар орналастырған.

Прокурордың наразылығы бойынша мемлекеттік сатып алулардың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының жолы кесілді.

Айта кетелік прокуратура Көкшетауда заңсыз берілген 2,4 гектар жерді қайтарған еді