БҚО-да мұнай өндіруші компанияға 2 млрд астам теңге айыппұл салынды

ОРАЛ. KAZINFORM – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» Қазақстан филиалына қатысты нормадан тыс эмиссиялар дерегі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Маңғыстауда Түпқараған және Қарақия аудандары әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына айыппұл салынды
Фото: Мұхтар Холдорбеков/Kazinform

БҚО бойынша экология департаментінен мәлім еткеніндей, Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша 2026 жылғы 30 қаңтардағы №5 тексеру тағайындау туралы актісі негізінде 3-16 ақпан аралығында тексеріс өткізілген.

Тексеріс нәтижесі бойынша компанияның 2024 жылы атмосфералық ауаға белгіленген нормадан артық 13,84 тонна шығарындылар және белгіленген нормадан артық 0,05134355 тонна сарқынды су төгінділеріне жол бергендігі анықталды.

- Аталған деректер бойынша «КПО Б.В.» компаниясы Экологиялық кодекстің 39, 106, 202 және 216 баптарының талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1 және 2 бөліктерімен жалпы сомасы 2 млрд 077 млн 749,9 мың теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта айыппұлды өндіріп алу шаралары жүргізіліп жатыр. Департамент нормативтен тыс шығарындылар мен төгінділердің себептеріне талдау жүргізіп, сондай-ақ нормативтен тыс эмиссияларды болдырмауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге нұсқама берді, - делінген ресми мәліметте.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да компанияның мал өлекселері мен қалдықтарын ауыл маңына төгіп жатқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум