11:42, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
БҚО-да «Назар салыңыз: бағдаршам!» айлығы басталды
ОРАЛ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүкіл республикадағы сияқты, бүгін Батыс Қазақстан облысында «Назар салыңыз: бағдаршам!» айлығы басталды.
Аталмыш айлық мақсаты - жол-көлік оқиғалары кезінде болатын балалар жарақатын азайту.
БҚО ІІД жол полициясы басқармасының инспекторы Динара Абдулхалиқованың айтуынша, бір ай бойы жол полициясы білім басқармасымен бірлесе отырып, оқушылармен алдын алу сабақтарын, педагогтармен семинар, тренингтер, сондай-ақ тұрғындармен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында әңгімелер өткізеді.
Қоғамдық көлікте плакаттар ілініп, жолдарда балалар макеті қойылады. Жас инспекторлардың слеті өткізіледі. Сондай-ақ 25 мамырда жол полициясы қызметкерлері соңғы қоңырау салтанатында сөз алмақ.