БҚО-да орта білім беру мекемелері арасында «Үздік веб-сайт» интернет-марафонының қорытындылары шығарылды
ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында орта білім беру мекемелері арасында «Үздік веб-сайт» интернет-марафонының қорытындылары шығарылды.
Облыстық білім беру басқармасы ұйымдастырған байқауға қатысушылар екі ай бойы интернет көздерін пайдалану бойынша өз білім-біліктерін көрсетті.
Сайыс қорытындысында Зеленов ауданы Қ.Аманжолов атындағы орта мектеп мұғалімі Наталья Рахимбердина бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ Ақсай қаласындағы №3 орта мектеп оқушысы Ақбота Есқали («Оқушының үздік веб-сайты»), осы мектеп педагогтары Борис Зеленов («Мұғалімнің үздік сайты») пен Ирина Ольховик («Үздік ақпарат сайты»), Қазталов ауданы Ғ.Молдашев атындағы мектеп мұғалімі Айдар Ерболатов («Үздік ауыл мектебінің сайты») түрлі аталымдар бойынша үздік шықты.