Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да өткен жылы бюджетке 20 млрд. 681,9 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударылды

ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы бюджетке 20 млрд. 681 млн. 925 мың теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударылды.

БҚО-да өткен жылы бюджетке 20 млрд. 681,9 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударылды

БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Қаржы министрлігінің болжамдық тапсырмасы (20 млрд. 064 млн. 595 мың теңге) 103,1 пайызға орындалды. Осылайша 164 қызметкердің әрқайсысы орта есеппен бюджетке 123 млн. теңгенің аударылуын қамтамасыз етті. Посткедендік бақылаудың нәтижесі бойынша бюджетке 148 млн. теңге өндірілді. Кеден заңнамаларын бұзушыларға қарсы 18 қылмыстық және 114 әкімшілік іс қозғалды.

Аталмыш департаменттің қызмет ету аумағында 345 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тіркелген.

Өткен жылы өткізілген кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша 17 қызметкер атқарып отырған лауазымына сәйкес келді, 4 қызметкер лауазымын жоғарылату үшін кадр резервіне ұсынылды. 1 қызметкер атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді деп танылып, лауазымы төмендетілсе, тағы біреуі өзге қызметке ауыстыруға ұсынылды.