БҚО-да саяжай иелерін құжат мәселесі алаңдатып отыр

су тасқыны
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін 4 қоғамдық штаб құрылған. Әрқайсысына 11 мүше еніп, су тасқынынан зардап шеккендердің мәселесін шешуге атсалысып жатыр.

Бүгінде тұрғындарды біржолғы әлеуметтік көмек пен баспана түйткілі алаңдатады. Бұл туралы БҚО бойынша қоғамдық штаб жетекшісі София Ізмұхамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Саяжай тұрғындарының құжаттары дұрыс емес, ғимарат өз аттарына тіркелмеген. Тұрғындардың құжаттарын реттеу, олардың біржолғы көмекті кедергісіз алу және банктердегі несиелерін кейінге шегеру, уақытын реттеуге қоғамдық штаб мүшелері атсалысып жатыр», – деді София Ізмұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар