Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО-да сот жүйесіндегі рухани өзгерістердің тереңдеуін саралаған конференция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Сот жүйесіндегі рухани өзгерістердің тереңдеуі - ұлт дамуының жаңа кезеңі» атты тақырыпта конференция өтті.

БҚО-да сот жүйесіндегі рухани өзгерістердің тереңдеуін саралаған  конференция өтті

Іс шара Қазақ ССР-нің құрметті заңгері Хаби Жақыповтың туғанына 100 жыл толуына арналды. Ол 50 жыл сот жүйесінде еңбек еткен болса, соның ішінде 20 жылында Казталов аудандық сотының төрағасы болып жемісті қызмет атқарған еді.

Конференция жұмысын аудан әкімі Н. Бекқайыр жүргізді. Іс шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б. Бегалиев, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Х. Аманқұлов, аудандық сотының судьялары, прокуратура, АІІБ және басқа да мекемелердің өкілдері, ардагерлер және Хаби Жақыповтың достары Ж. Сарсембиев, Т. Дүйсенов, И. Құтхожин қатысты.

Х. Жақыповтың өмірі мен қызметі туралы Казталов аудандық сотының төрағасы Е.Төлеуов баяндама жасады.

Конференция барысында Б. Бегалиев соттардың қазіргі таңда атқарып жатқан жұмысы және сот жүйесіндегі елеулі өзгерістер, сондай-ақ сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар туралы хабарлап өтті.

Сонымен қатар, ол аудандық мәдениет үйіне және Хаби Жақыповтың туыстарына сыйлық ретінде Батыс Қазақстан облыстық соты шығарған облыс соттарында жұмыс жасаған соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған кітапты табыс етті.

Хаби Жақыповтың достары - ардагерлер Ж. Сарсембиев, Т. Дүйсенов, И. Құтхожин халық судьясының өмірі мен қызметіне қатысты естеліктер айтты.