БҚО-да табиғи газ өндіру - 9,3, газ конденсаты 8,3 пайызға артты

ОРАЛ. 22 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда табиғи газ өндіру - 9,3, газ конденсаты 8,3 пайызға артты.

БҚО-да табиғи газ өндіру - 9,3, газ конденсаты 8,3 пайызға артты

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл осы кен өндіру саласында өнім көлемін 6,9 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Мұнда жыл басынан бері 198,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Батыс Қазақстанда сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 15,2 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, өнім көлемі 72,1 пайызға көбейді. Мұнда, әсіресе, мұнай өнімдерін өндіру - 6,0, тоқыма бұйымдары, металл емес минералды өнімдері - 1,4, резеңке, пластмасса бұйымдары - 1,3, металлургия өнеркәсібі өнімі 1,2 есеге артты.

Жалпы, екі айда 219,9 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 9,4 пайызға көп.