БҚО-да тағы бір жылыжай іске қосылды
ОРАЛ. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақсай қаласындағы «Аксайснабконтракт» ЖШС өндірістік базасы жылыжайды іске қосты.
Жалпы аумағы 340 шаршы метрлік жылыжайда қияр мен қызанақ отырғызылған. Онда үш адам жұмысқа тартылған. Жылыжайға жалғас бөлмеде осындағы жұмысшыларға арналған жуынатын, тамақтанатын және демалатын орындар да жасақталуда. Бірінші жылыжайда өз қаржысына тұрғызған серіктестік басшысы Бақытжан Ғаділшеев алдағы уақытта екіншісін салмақшы.
Бөрлі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Мұқағали Ақтауовтың сөзіне қарағанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша екінші жылыжайды салуға мүмкіндік бар.