БҚО-да тарихи Жалпақтал мешіті қайта жаңғыртылды

ОРАЛ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 24 мамыр күні Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылының орталығында 130 жылдық тарихы бар көне мешіт жаңартылып, қос мұнарасы қайта тұрғызылды.
None
None

Мешіттің қос мұнарасын ашу салтанаты Азан шақыру арқылы басталды. БҚО түлегі, бүгінде Ақтауда тұратын жеке кәсіпкер Айдос Сәрсенғалиев өз қаржысы есебінен қос мұнараны салып берді. Салтанатты шарада облыстық дін істері департаментінің директоры Талғат Нығметов, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов, Батыс Қазақстан облысының найб имамы Марат Асанов, аудан әкі­мінің орынбасары Нұреддин Құтқожин, Жал­пақ­тал ауылдық округінің әкімі Бе­рік Ибрашев сөз сөйлеп, аталмыш жеке кәсіпкерге риза­шылықтарын білдірді.

Жалпақтал мешітінің тарихы мынадай. 1838 жылы әскерден босаған В.Слами­хин осы өңірге келіп, Қараөзеннің (Үлкен өзен) оңтүстік бетінен үй салады. Бұл жерге 1868 жылдан бастап Қазан ноғай татарлары және орыстар қоныстана бастаған. Ауылда көненің көзіндей тарихи орындар, мұражайлар, әсем ғимарат­тар жетерлік. Солардың бірі - Жалпақ­тал ауылдық мұсылмандар мешіті. Бұл мешітті 1885 жылы татар Қожантай қажы қос мұнаралы етіп салдырған. Сыртқы және ішкі негізгі қабырғалары және ара қабырғалары күйдірілген қызыл кірпіш­тен қаланған. Сол уақыттарда мешітте бір мезгілде 400 адам намаз оқыған. Бұл мешіттің 1936 жылға дейін есігі ашық болған. Кеңес үкіметі орнауына байланысты қос мұнарасы қиратылып, молдалар қуғын­далып, жабылып қалған еді.

1937-1983 жылдар аралығында ме­шіт ғимараты Жалпақтал аудандық мәдениет үйі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мешіт астық және басқа азық-түлік өнімін сақтайтын қойма ретінде пайдаланылды. 1983-1987 жылдары бос тұрды. Тек 1988 жылы қайта күр­делі жөндеуден өтіп, 1995 жылға дейін Жалпақтал аудандық тарихи-өлкетану музейі болып қызмет етті.

1995 жылы Жалпақтал аудандық әкім­шілігінің №99 қаулысымен Жалпақтал ауылдық мұсылмандар мешіті болып қайта құрылды.

Соңғы жаңалықтар