БҚО-да тасқын судан зардап шеккендерге қолұшын берушілер қатары көбеюде

ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да тасқын судан зардап шеккендерге қолұшын берушілер қатары көбеюде.
None
None

«Жайық Пресс» ақпарат орталығынан түскен мәліметке қарағанда, белгілі әнші-композитор, Қазақстан халық әртісі, Қаратөбе ауданында туып-өскен Ескендір Хасанғалиевтің отбасы зардап шеккендер қорына 200 мың теңге аударған. Олар бұл қаражаттың көмекке мұқтаж адамдарға бірінші кезекте қажетті заттар алуға жұмсалуын өтінген.

Кәсіпкер Юрий Казаниннің өзінің де коттеджі суға кеткен. Және бұл оқиға оның дәл туған күні болған. «Дегенмен біздің пәтеріміз бар. Ал үйсіз қалғандардың жағдайы не болмақ!?» деген Ю.Казанин базардан бірнеше күрте, он төсек жаймасы, жастық, одеяло, сүт пен су сатып алып, №26 орта мектепте орналасқан эвакуациялық пунктке апарып берген.

Қамқорлық көрсетуден Оралдағы №44 және №28 орта мектеп оқушылары да тыс қалған жоқ. Олар алтыншы және жетінші ықшамаудандағы үйлерді аралап шығып, көптеген киім-кешек, төсек-орын, сондай-ақ азық-түлік түрлерін жинады. Барлық зат қажетті жерлеріне жеткізілді.

Осындай көмек одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум