БҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы өткізілуде
БҚО ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, шараға барлығы 990 адам, соның ішінде 487 ішкі істер қызметкері қатысуда. Екі күн ішінде 147 оқу орны (соның 120-сы ауылдық жерде) қамтылды. Көңіл көтеру орындары басшы-қызметкерлерімен, сондай-ақ колледж, техникум шәкірттерімен, 7-11 сынып оқушыларымен, ата-ана, педагогикалық ұжымдармен кездесулер өткізіліп, онда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәселені талқылауда. Сонымен қатар түнгі уақытта рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Орал қаласы Әбілқайыр хан көшесі 1/3-үйдегі интернет-клубта 23.00-ден кейін жасөспірімдердің болуына жол берілуіне байланысты әкімгер 1990 жылғы А-ның атына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 112-1-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмаған балаларының беймезгіл жүргені үшін 64 ата-ана жауапқа тартылды.