БҚО-да тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт орнынан екі адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

Өрт
Фото - БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы Садовое ауылында болды.

«Сағат 07.25-те жеке үйдің төбесі мен жеке заттар жанған. Өрт аумағы шамамен 15 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 40 және 30 жастағы ер адамның денесі табылды. «Тілсіз жау» сағат 08.29-да оқшауланып, 08.55-те ауыздықталды. Жалынды сөндіруге 21 адам 6 техникамен жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда гараж бен шағын автобустың жанып кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар