БҚО-да ұрланған мұнай тиелген екі «КамАЗ» автокөлігі ұсталды

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент қызметкерлері құны 5,2 миллион теңге тұратын 51 текше метр мұнай әкетіп бара жатқан екі «КамАЗ» автокөлігін ұстады.

БҚО-да ұрланған мұнай тиелген екі «КамАЗ» автокөлігі ұсталды

«Жайықмұнай» ЖШС-нің «Чинарево-Белес» магистралды мұнай құбырын тесу жолымен ұрланғаны анықталды.

Аталған факті бойынша К. есімді азаматқа және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. К. есімді азамат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 150-бабына сәйкес қамауға алынды.