БҚО-да жаңа имам жұмысқа кірісті

ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлының айтуынша, Руслан Тыныштықұлы бұдан бұрын Орал қалалық мешітінде бас имам болған еді.
ҚМДБ аппарат басшысы Ғилымбек Мәжиев Орал қаласының орталық мешітіне жиналған жамағат алдында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен осыған дейін БҚО-да өкіл имам қызметін атқарған Бауыржан Әлиұлының ҚМДБ-ның уағыз-насихат тобының мүшелігіне тағайындалғанын хабарлады. Өңірдегі діни ахуалды қалыпты ұстаудағы еңбегі үшін ризашылық білдіріп, иығына шапан жапты. Облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Талғат Нығмет, облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Амангелді Дүйсенәлиев те Бауыржан Әлиұлына алғыстарын айтты. Б.Әлиұлы облысқа келген күннен бастап қолұшын беріп, қолдаған азаматтардың бәріне разылығын жеткізді.