БҚО-да жаңа мектептің іргетасы қаланды

ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылдық округіндегі Үшағаш елді мекенінде 108 орындық мектептің іргетасы қаланды.

БҚО-да жаңа мектептің іргетасы қаланды

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің атап өткеніндей, бұл құрылыстың аталмыш ауыл үшін маңызы зор. Өйткені 1966 жылы салынған ескі мектеп жөндеуге келмейді. Аудан басшысы осы өңірден сайланған облыстық мәслихат депутаты, «ҚПО б.в.» үкіметпен байланыс жөніндегі директоры Нұржан Камалов пен мердігер ұйым «ОралИнвестСтрой» компаниясының басшысы Александр Бизьяновқа ауыл тұрғындарына қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді. Құрылысшылар уәде етіп отырғанындай, қос қабатты, қазіргі заманғы мектеп бес айда салынып бітпек.

Сондай-ақ биыл ауылға табиғи газ да келетін болады.