БҚО-да жедел жәрдем фельдшерлері 60 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды

ОРАЛ. KAZINFORM – Облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшерлері клиникалық өлім жағдайына тап болған ер адамды ажалдан аман алып қалды.

БҚО-да жедел жәрдем фельдшерлері 60 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды
Фото: БҚО Денсаулық сақтау басқармасы

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, диспетчерлік бөлімшеге 1964 жылғы ер адамға қатысты жүрек ауруы шағымымен шақырту түскен. 

БҚО-да жедел жәрдем фельдшерлері 60 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды
Фото: БҚО Денсаулық сақтау басқармасы

Аталған шақырту бойынша медициналық көмек көрсету кезінде науқас кенеттен клиникалық өлімге ұшыраған. Фельдшерлер Н.Ешімов пен Д.Семғалиева дереу жүрек-өкпе реанимациясына кірісті.

- Жедел жәрдем қызметкерлерінің дұрыс және уақытылы әрекеттері арқасында пациенттің өз бетінше тыныс алу жүйесі және жүрек қызметі қалпына келтірілді. Бұдан соң жедел жәрдем бригадасымен науқас облыстық кардиологиялық орталыққа аман-есен жеткізілді. Қазіргі таңда ер адам тиісті ем қабылдап жатыр, жақын арада ауруханадан үйіне жіберілетін болады, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 3 адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар