БҚО-да жол-көлік оқиғалары өсіп отыр

ОРАЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 225 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 59 адам қаза тауып, 217-сі түрлі жарақат алған.
None
None

Облыстық жол полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сәйкесінше аталмыш көрсеткіштер 37,2, 23 және 49 пайызға өсіп отыр. Жол-көлік оқиғасының тең жартысынан астамы немесе 52 пайызы жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты болса, 24 пайызы автокөліктердің бір-бірімен немесе басқа кедергілермен соқтығысуы болып отыр. Жол ережесін бұзушылық 2010 жылғы он айда 64 мың болса, биыл 66941-ге жеткен.

Қоғамдық көлік жүргізушілері сегіз жол апатына тап болып, соның салдарынан бір адам көз жұмып, жетеуі жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар