БҚО-да жолаушылар пойызы 1985 жылғы азаматты қағып кетті

ОРАЛ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - 27 қаңтар күні БҚО-ның Жәнібек ауылы маңында Астрахан-Мәскеу бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы 1985 жылғы С. есімді азаматты қағып кеткен.

БҚО-да жолаушылар пойызы 1985 жылғы азаматты қағып кетті

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның салдарынан аталмыш азамат оқиға орнында қаза тапқан.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.