БҚО-дағы мектепте құрылған «Экоқорғаушылар» тобы қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысып жүр
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін «Экоқорғаушылар» еріктілер тобының мүшелерімен ҚР Экология және тибиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев кездесті.
Айта кетейік, аталмыш ұйым Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Молдаш Каналиев атындағы мектебінде 2022 жылы құрылды құрылған.
Еріктілер тобында қазір 40-қа жуық оқушы бар. Олар табиғатты қорғау іс-шараларына, соның ішінде балықты құтқару, өзен жағалауларын тазарту, бұлақ көздерін ашу, ағаш отырғызу және қалдықтарды қайта өңдеуге беру шараларына белсенді қатысады.
Бүгінгі таңда Экоқорғаушылар 5000-ға жуық балықты құтқарып, 2 бұлақ ашылды, 100-ге жуық ағаш отырғызылды, 500 кг қоқыс өңдеуге берілді.
Кездесу барысында Министр оқушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың үлгісі жастар арасында экологиялық волонтерлікті насихаттауға ықпал ететінін атап өтіп, волонтерлік топтың ең белсенді қатысушыларына және олардың басшыларына алғыс хаттар табыстады.
Айта кетейік, осыған дейін «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясына 3,8 мың адам қатысқаны туралы жаздық.