БҚО-дағы барлық балалар үйінде қайырымдылық шаралары өткізілді

АЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 26 қараша күні өңірдегі барлық балалар үйінде «Барлық жақсылық балаларға!» ұранымен қайырымдылық шаралары өткізілді.
None
None

Аталмыш мереке «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның бастамасымен 2009 жылғы 26 қарашадан бері ұйымдастырылып келеді. Биыл тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған шараның басты мақсаты - жетім балаларға отбасылық мейрам жасау.

Бұл күні облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов облыстық балалар үйінде болып, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады. Балалар үйінің директоры Райса Наурызоваға да ізгі лебізін білдірді. Шара барысында ақ тілектер айтылып, ән шырқалды. Мерекелік дастархан жайылып, балалар тарту-таралғысыз қалған жоқ.

Облыстағы балалар үйлерінің 350-ден астам тәрбиеленушілеріне «Бөбек» қорының атынан және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен түрлі сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар