БҚО-дан «Қазақстанның үздік тауары - 2015» республикалық көрме-байқауына қатысатындар белгілі болды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысынан биылғы желтоқсанда Астанада өтетін «Қазақстанның үздік тауары - 2015» республикалық көрме-байқауына қатысатындар белгілі болды.
None
None

БҚО кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған өңірлік байқауға 23 кәсіпкерлік нысаны қатысып, үш аталым бойынша сынға түсті. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС жеңімпаз атанса, «Стекло-Сервис», «АрАи» ЖШС жүлдегерлер қатарынан табылды. «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы үздік шықса, «Алтим-Стройдеталь» мен «Наноблок» ЖШС екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымынан «Агропродукт ЛТД» ЖШС, «Родник» фирмасы мен «Нұржанар» АҚ жүлделі орындарды бөлісті. Аталған тоғыз компания енді республикалық көрме-байқауда ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін сынға түсетін болады.

Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың айтуынша, аталмыш шара кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Елбасы тапсырмасына сәйкес жылма-жыл ұйымдастырылып келеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспары жүзеге асырылып жатқан кезеңде әрі ДСҰ жағдайында отандық тауар өндірушілердің сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруының маңызы зор. Бұл ретте көрме-байқауға қала ғана емес, ауылдық жердегі кәсіпкерлердің де көптеп қатыса бастағаны қуантады.

Соңғы жаңалықтар