БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық басқармасына жаңа басшы келді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Бауыржан Жанпейісұлы Талдықбаев БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бүгін Н.Ноғаев жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырып, оның білім-білігі жеткілікті, тәжірибесі мол екендігін айтып, қызметіне сәттілік тіледі. Осыған дейін басқарма басшысы болып, басқа қызметке ауысқан Рыспай Өтешевке алғыс айтылды.
Б.Ж.Талдықбаев 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001-2002 жылдары ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінде мемлекеттік сатып алу және инвестициялық бағдарламаны талдау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Одан кейін ҚР Мемлекеттік сатып алу бойынша агенттігі бақылау және әкімшіліктендіру жөніндегі басқармасының бақылау бөлімінің бастығы, 2003-2009 жылдары «GRANDSTROY LTD» ЖШС-ның бас директоры, 2009 жылы «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2010-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық экономикалық ынтымақтастық комитеті экономикалық жобалар және инвестициялар басқармасының бастығы, 2013 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдар қорлары жөніндегі комитеті «Резерв» РМК бас директорының орынбасары, 2013-2015 жылдары «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК-ның бас директоры болып жұмыс істеген.