БҚО-ға Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері келді

АЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысына Елбасының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері келді.

БҚО-ға Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері келді

Топ құрамында келген ҚР Қорғаныс министрлігі бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы Иманжүсіп Ақпомбаев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті әскери кафедрасының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Оның айтуынша, соңғы жылдары әскери бюджетке ерекше көңіл бөлініп келеді. Ел экономикасының өсуі әскери қызметкерлерге оң әсер етуде. Соның арқасында олардың жалақысы да жоғарылап отыр. Қазіргі уақытта ел әскерінің беделі ұдайы өсіп келеді.