БҚО-ға келген ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қ.Өскенбаев тұрғындармен кездесті

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысына келген ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев алдымен «Батыс Қазақстан электр тораптарын тарату компаниясы» АҚ мен «Жайықжылуқуат» АҚ ұжымдарымен кездесті.
None
None

Кездесулер барысында Қ.Өскенбаев Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында елімізде қолға алынған ауқымды шаралар жөнінде әңгімелеп, жиынға қатысушылар сауалдарына жауап берді. Өз баяндамасында ол, әсіресе, моноқалаларды дамыту, ұлттық палата, кәсіпкерлікті қолдау, қолжетімді баспана және басқа өзекті мәселелерге тоқталды. Мәселен, аталмыш министрлік «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында үлкен жұмыстарды қолға алды. Жыл сайын тұрғын үйлер құрылысы қарқынды өсіп келеді. 2012 жылы 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынса, биыл жоспарланған 6,7 млн. шаршы метрдің орнына 6,8 млн. шаршы метрге жетті. Болашақта жылына 10 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы да алдағы жылы жалғасатын болады.

Облыстың жылыту маусымына дайындық барысымен жете танысу мақсатында бірінші вице-министр Еуразия даңғылы мен Т.Масин көшесі бойында жөнделіп жатқан жылу трассасында болып, жұмыстың жоспарлы атқарылып жатқанына көз жеткізді. Қазіргі кезде өңірде балабақша, мектеп, ауруханаларға жылу берілуде. 15 қазаннан бастап тұрғын үйлерге де кезек жетпек.

Мәртебелі мейман сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет ұстаз-студенттерімен де жүздесіп, Елбасы тапсырмаларына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

Соңғы жаңалықтар