БҚО халқы 627 мыңнан асты

ОРАЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының халқы 627,3 мыңға жетті.

БҚО халқы 627 мыңнан асты

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осының 287,2 мыңы немесе 45,8 пайызы қалалықтар болса, 340,1 мыңы немесе 54,2 пайызы - ауыл тұрғындары.

Жыл басынан бері облыс халқы 3036 адамға көбейді. Соның ішінде қалалықтар саны 4283 адамға өссе, ауыл тұрғындары 1247 адамға азайды.