Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО: Қоғамдық монша жарылып, үш адам жарақат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 наурыз күні кешке қарай Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында қоғамдық моншаның бу қазаны жарылды. Бұл туралы «Мой город» жаңалықтар порталында хабарланды.

БҚО: Қоғамдық монша жарылып, үш адам жарақат алды

Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда,соның салдарынан моншада болған үш адам жарақат алған. Жарылыстан моншаның біржақ қабырғасы құлаған. Тас басып қалып, ауыр жарақат алған бір жігітті Оралға алып кеткен. Екеуін қысыммен қабырғаға қарай лақтырып жіберген, олар қазір аудандық ауруханада.

Тұрғындардың айтуынша, жергілікті кәсіпкердің иелігіндегі ескі монша көрінеді.

Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдары анықталуда.