БҚО: мал шаруашылығында 6,9 млрд. теңгеге бес инвестициялық жоба іске қосылмақ

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығында 6,9 млрд. теңгеге бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл жобаларды биыл және алдағы жылы іске қосу көзделуде. Соның нәтижесінде 2015 жылы ет экспортын 9400 тоннаға жеткізу ойластырылуда. Айталық, «Күбілей» ЖШС құны 1 млрд. теңгеге бағаланған, ауысымына салмағы 10 тонна мал соятын, тоңазытқышы бар цех құрылысын келесі жылы пайдалануға бермек. Мұнда қазіргі заманғы технология негізінде ет, тері, ішек-қарын өңделмек. «Батыс Марка Ламб» ЖШС Ақжайық ауданында тәулігіне 1400 бас тоқты соятын кешен құрылысын биылғы жылдың аяғында бітірмекші. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылатын бұл жобаның құны - 2,4 млрд. теңге. «Жайық құс» ЖШС «ҚазАгроҚаржының» қолдауымен құны 3,5 млрд. теңге тұратын, жылына 6,3 мың тонна құс етін өндіретін фабриканы алдағы жылдың бірінші тоқсанында аяқтамақшы. Аталмыш қаржы ұйымы арқылы Жәнібек ауданындағы «Әлем» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңы жанында тәулігіне салмағы 15 тонна мал соятын цехты іске қоспақшы. Қазталов, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарының малдары осында әкелініп, өнімнің тең жартысы экспортқа жөнелтіледі. Сондай-ақ Тасқала ауданындағы «Арай» шаруа қожалығы 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын биылғы жыл соңында мәреге жеткізбек, жоба құны - 44 млн. теңге.

Соңғы жаңалықтар
Референдум