БҚО мектептері жаңа оқу жылына дайын

ОРАЛ. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы мектептер жаңа оқу жылына дайын.

БҚО мектептері жаңа оқу жылына дайын

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ердан Қатаевтың айтуынша, биыл өңірде 401 мектепке ағымдағы және 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеуге 697 млн. 718 мың теңге, ал ағымдағы жөндеу жұмыстарына 32,6 млн. теңге, барлығы 730 млн. 318 мың теңге қаралған болатын.

Биыл Ақжайық ауданы Ақсуат ауылында 230 орындық, Орал қаласы Самал көшесі бойында 1200 орындық және 5-шағынауданда 1200 орындық мектептердің құрылыстары аяқталып, оқушыларды қабылдағалы отыр.

Мектептер бүгінгі таңда жылыту маусымына 99 пайыз дайын.