БҚО: «Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толығуда

ОРАЛ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мейрамына орай «Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толығуда. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Аққали Әубекеров мәлім етті.

БҚО: «Нұр Отан» қатары жаңа мүшелермен толығуда

Оның айтуынша, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қойып отырған жоғары талаптарға сәйкес сан қумай, партияның сапалық құрамына баса назар аударылуда. Сондықтан партия қатарына лайықты адамдарды тартуға бағыт ұсталуда. Мәселен, БҚО құрылыс басқармасында 12 қызметкер партиялық билеттерін алды. Басқарма бастығы Нұрлан Мырзағалиевтің сөзіне қарағанда, осынша адамның бірден партия қатарына өтуі бастауыш ұйымның да аяғынан қаз басуына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде өңірде «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің саны 31 мыңнан асты.