БҚО-ның «Ашық қоғам» бірлестігі «Таным» республикалық байқауында жеңімпаз атанды

ОРАЛ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық «Ашық қоғам» қоғамдық бірлестігі «Таным» республикалық байқауының «Волонтерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

БҚО-ның «Ашық қоғам» бірлестігі «Таным» республикалық байқауында жеңімпаз атанды

Жүлде елордада мәреге жеткен бесінші Азаматтық форум қорытындысында табыс етілді.

«Ашық қоғам» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Маштакованың айтуынша, аталмыш ұйымның құрылғанына бес жыл болды. Содан бері еріктілер ісін ұйымдастырып келеді. Әсіресе, БҚО-дағы биылғы су тасқыны зардаптарын жоюға, қиын жағдайда қалған адамдарға қолұшын беруге еріктілер де өз үлестерін қосты.