БҚО-ның Бөрлі ауданында орташа жалақы 175,1 мың теңгені құрады

ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 76448 теңгені құрады.

БҚО-ның Бөрлі ауданында орташа жалақы 175,1 мың теңгені құрады

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары жалақы (201,8 мың теңге) әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында, мұндағылар облыстық көрсеткіштен 2,6 есе артық еңбекақы алады. Сондай-ақ құрылыс саласында - 150 мың теңге (2,0 есеге артық), өнеркәсіпте - 118,2 мың теңге (1,5 есеге көп). Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында, мұнда облыстық орта көрсеткіштің 44,5 пайызын құрайды.

Аумақтық жағынан алғанда, ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында - 175,1 мың теңге, бұл облыстық көрсеткіштен 2,3 есеге артық.