БҚО-ның Сырым аудандық ауруханасына қос автокөлік, бес жас маманға пәтер берілді

None
None
ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Сырым аудандық орталық ауруханасына жаңа екі автокөліктің және бес жас маманға пәтер кілттері табыс етілді.

Салтанатты шараны аудан әкімі Ерлан Нысанғалиев ашып ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында аудандағы денсаулық саласында қол жеткізілген игі табыстар, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылып жатырған толымды істер, жас мамандарды пәтерлермен қамтудағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Аудан тұрғындарын ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесімен құттықтап, облыстағы аталмыш саланың жай-күйі туралы айта келе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменов сырымдық ағайындардың денсаулығын қорғап, жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан халыққа жасалып отырған басты қамқорлықтардың бірі ретінде су жаңа шетелдік «Жедел жәрдем» көлігі және жылжымалы медициналық жиынтығы кешені «КамАЗ» көлігінің кілтін «Сырым аудандық орталық» ауруханасы» МКҚК директоры Асхат Дүйсенғалиевке салтанатты түрде табыс етті.

А.Дүйсенғалиев жергілікті халыққа жасалып отырған осындай аялы қамқорлықтары үшін Елбасына, Үкіметке, тиісті сала басшыларына әріптестері, тұрғындар атынан алғысын айтса, зейнеткер-дәрігер Майра Қарғабаева да халық үшін жасалып отырған осындай қамқорлыққа ризашылығын білдірді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Ерлан Нысанғалиев ауданға келген жас маман дәрігерлер М.Сарғозиева, М.Тоғызбаева, А.Тайғаренова, Г.Усманова, Ж.Хасановаға жаңа пәтер кілттерін тапсырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram