БҚО-ның Теректі ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
АЛ. 14 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Теректі ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кеңінен аталып өтілді.
Мерекемен аудан әкімі Арман Өтеғұлов, облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов құттықтап, сала үздіктеріне облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді. Мұндай марапатқа Аңқаты ауылдық округінен «Айсұлу» шаруа қожалығының басшысы Мағауия Зайнуллин, Шағаннан «Ақас» агрофирмасының басшысы Қатауолла Ашығалиев, Новопавловтан «Мәдиев» шаруа қожалығының жетекшісі Сәлімбай Мәдиев, ақсуаттық «Батыс Күнбағыс» АҚ директоры Мұрат Жаркеев, «Тұлпар ЛТД» ЖШС директоры Валерий Голоухов ие болды. Сондай-ақ тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында ерен табысқа қол жеткізген өндіріс озаттары да ұмыт қалған жоқ.
«Темір тұлпар» тігілген ат бәйгесі, қыз қуу, балуандар күресі концерт пен кешкілік отшашуға ұласты.