БҚО прокуратурасы «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» байқауын өткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірдегі прокуратура қызметкерлері арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 172 жылдығына орай «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алғаш рет ұйымдастырылған шара мақсаты - халқымыздың рухани мұрасын насихаттау, Абай өлеңдері мен қара сөздері арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген құштарлықты арттыру, кейінгі ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу.

null

Үш кезеңнен тұратын байқауға қатысушылар алдымен Абайдың бір өлеңін мәнерлеп оқыды. Содан кейін Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сауалдарға жауап берді. Үшінші кезеңде Абайдың қара сөзін оқып, түсініктеме берді. Олардың өнерін БҚО прокурорының орынбасары Тәжіден Найманов бастаған қазылар алқасы бағалады.

Сайыс қорытындысында облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Әлия Денизбаева бас жүлдені жеңіп алып, Абайдың туған жеріне саяхаттау құқығына ие болды.

null

Тасқала аудандық прокуратурасының жетекші маманы Бақытгүл Тәшімова бірінші, облыс прокуратурасының іс жүргізушісі Аида Тапишева екінші, Қаратөбе аудандық прокуратурасының іс жүргізушісі Бұлбұл Рысқалиева үшінші орынды еншіледі. Қаратөбе аудандық прокуратурасының прокуроры Райхан Мұқанова «Абайтанушы», Бөкей ордасы прокуратурасының прокуроры Нұрат Саматов «Көркем сөз шебері», Орал қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Жандос Жұбанов «Қара сөз шебері» аталымымен марапатталды. Барлық қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар