БҚО прокуроры ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды
ОРАЛ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жақсылық Байтұқбаев әскери және қызметтік борышын мінсіз орындап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі ерлігі үшін Елбасы Жарлығымен ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жоғары награданы ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаев Ж.Байтұқбаевқа табыс еткен.